Басты бетЖаңалықтарӨртке оранған...

Өртке оранған Калифорнияда 73 қазақстандық студент жүр

АҚШ-тың Калифорния штатында қазақстандық 73 стипендия иегері, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша 56 адам және «Ғылыми тағылымдама» бағдарламасы бойынша 17 адам білім алып жатыр.

Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ хабарлап отыр.

Қазіргі уақытта штатта өрт өршіп тұр, бірақ барлық студент қауіпсіз жерде және кураторларымен байланыс орнатқан.

Стипендия иегерлері жергілікті биліктің ұсынымдарын орындап, жағдайды жедел хабардар етіп отыр. Біз университеттермен тұрақты байланыстамыз және кез келген өзгеріске дайын отырмыз, — деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар орталық барлық стипендиатты қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, Калифорнияда жойқын өртке байланысты төтенше жағдай жарияланған болатын.