Басты бетЖаңалықтарШекаралардағы 9...

Шекаралардағы 9 автокөлік өткізу пункті жаңартылып жатыр

Қытай, Өзбекстан және Түрікменстан шекарасындағы тоғыз бақылау-өткізу пункті толыққанды жаңартылып жатыр.

Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Осы жұмыстар шеңберінде өткізу мүмкіндігін тәулігіне алты есеге дейін, орта есеппен 170-тен 960 көлікке дейін арттыру, сонымен қатар шекарадан өту уақытын 30 минутқа дейін қысқарту көзделген.

Биыл тоғыз бақылау-өткізу пунктін жаңғырту жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр, — деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар Еуразия экономикалық одақтың (ЕАЭО) сыртқы шекарасы бойынша барлық 10 автомобильдік шекара бекетінде автоматтандырылған электронды кезек жүйесі енгізілді. Оны Qoldau.kz платформасында және CargoRuqsat мобайл қолданбасы арқылы пайдалануға болады.

Жүйені енгізу республикалық маңызы бар жолдар бойында автокөліктердің жиналып қалуын болдырмауға мүмкіндік берді және тасымалдау процесінің ашықтығын қамтамасыз етті.