Бүгін Алтын Емел асуында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлап отыр.
10 қаңтар сағат 10:00-ден бастап Жетісу облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты «Сарыөзек–Көктал» 40-шақырымнан-68-шақырымға дейінгі аралық Алтын Емел асуына дейін көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды ашу 10 қантар сағат 14:00-ге жоспарланған, — делінген хабарламада.