Алматы облысында «Диснейлэнд» салынуы мүмкін

Бұл туралы арнайы пресс-тур барысында «Қорғас» орталығының президенті Қахарман Жазин мәлім етті.

«Диснейлэнд салу туралы ұсыныс жақында ғана жасалды. Әрине, маған бұның trқаншалықты шынайы жоба болатыны белгісіз, дегенмен осындай өтінім берілді. Ең бастысы екі миллиондық халқы бар Алматы қаласы да алыс емес, іргелес аумақтар да қарқынды дамып жатыр, ендеше сөзсіз көңіл көтеруге арналған жақсы алаң жасауға болатыны түсінікті. Көлікпен екі сағаттың ішінде Диснейлэндке жетіп, қыдырыстап қайту кім-кімге де керемет болатын еді. Мәселен, Парижден Диснейлэндке жету үшін 4 сағат кетеді. Жоба біздің азаматтарымызға арналған. Дегенмен, Үрімші жағында да мұндай ауқымдағы көңіл көтеретін демалыс орталықтары жоқ екенін ескеру керек.  Олар да осыған мүдделі болып, келушілер санын арттырады», — деді Қахарман Жазин.

ДереккөзҚазАқпарат