2025 жылы халықаралық стандарттарға сай көпфункционалды спорт кешенінің құрылысы басталады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
35 мыңнан астам көрерменді сыйдыратын жаңа стадион спорттық және мәдени іс-шаралар өткізуге арналған маңызды орынға айналады, өңіріміздің спорттық әлеуетін арттырады, — делінген хабарламада.
Оның жобасымен осыдан бір ай бұрын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге сапары барысында танысқан болатын.
Ол елдегі ең үлкен футбол алаңы болмақ.