28 сәуірде Жамбыл облысында қатты жауын-шашын болып, кей жерлерде найзағай ұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік батыстан соғатын жел солтүстік шығысқа қарай ауысады, кей жерлерде желдің екпіні 15-20, тіпті 25 м/с күшеюі мүмкін.
29-30 сәуір күндері ауа температурасы түнде 0-5 жылы, кей жерлерде 3 градус аяз болады. Күндіз 9-14, кей жерлерде 6 градусқа дейін жылы болады.
28 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын болып, 29 сәуірде ол ылғалды қарға айналады. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, бұршақ болуы ықтимал, солтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде 28-30 сәуірде топырақтың бетінде 2 градус үсік жүруі мүмкін.
28 сәуір — 1 мамыр аралығында Алматы облысында жаңбыр жауып, кей жерлерде нөсерлетеді, 30 сәуір- 1 мамыр аралығында тау және тау бөктеріндегі аудандарда жаңбырдың арты ылғалды қарға айналады. Кей жерлерде найзағай ұрып, бұршақ жаууы мүкін. Ал батыстан соққан жел 18-23 м/с дейін күшейеді.
30 сәуір — 1 мамыр күндері ауа температурасы түнде 1-6 градус жылы, кей жерлерде 2 градус аяз болады. Күндіз 11-16 градус жылы болады.