Басты бетЖаңалықтарАлматыда жеке...

Алматыда жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

Алматыда жеке сот орындаушысы әлеуметтік маңызды санаттағы істердің өндіріп алу бағыты бойынша бірқатар заңбұзушылыққа жол берген. Бұл туралы қала прокуратурасы хабарлап отыр.

Ведомство мәліметінше, алимент өндіріп алуға байланысты алты атқарушылық іс жүргізу кезінде заңбұзушылықтар анықталды.

Сот орындаушысы іс жүргізулерді бір өңірден екінші өңірге негізсіз жолдай отырып, жасанды жолмен созған. Сонымен қатар бұғаттауларды заңсыз алып тастау, берешектерді өндіріп алу бойынша шараларды уақтылы қабылдамау және уәкілетті органдардың талаптарын елемеу жағдайлары анықталды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Алатау ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша Алматы қалалық сотының қаулысымен жеке сот орындаушысы мемлекеттік лицензиясынан айырылды.