Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында...

Алматы облысында көшкін қаупі бар 55 учаске бар

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті облыстың көшкін қаупі бар 55 учаскесіне аэровизуалды тексеру жүргізілгенін хабарлап отыр.

Атап айтқанда, өңірдегі көшкін қаупі бар учаскелерді зерттеу мақсатында Ұзынқарғалы, Шамалған, Қаскелең, Ақсай, Қарғалы, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндері, Талғар, Есік, Түрген, Іле Алатау жотасы бойынша аэровизуалды тексеру жүргізілді.

Қайғылы жағдайлардың қаупін азайту мақсатында өзендер мен автожол арналарының қауіпті учаскелерінде 16 ақпараттық қалқан мен ескерту белгілері орнатылды, — делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, көшкін қаупі бар кезеңде 11 адамнан тұратын жедел штаб құрылып, бекітілген. Сонымен қатар 12 адамнан тұратын авариялық-механикаландырылған бригаданың құрамы мен жеті бірлік арнайы және төрт бірлік жедел мобильді техника жасақталған. Қазіргі уақытта облыстың таулы аудандарында жағдай тұрақты.