Басты бетЖаңалықтарҚазгидромет: Алдағы...

Қазгидромет: Алдағы тәулікте 23 градусқа дейін аяз болады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы үш күндегі ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райын Сібір антициклоны қалыптастырады, сол себептен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі, таулы аудандарда көктайғақ болжанады. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда түседі, — делінген хабарламады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ауа температурасы түнде 10-18 градус аяз, еліміздің қиыр шығысында 23 градусқа дейін төмендейді.