Яндекс Музыканың ақылды жүйесіне тағы бір жаңа функция қосылды. Енді қолданушылар қазақша әндерді де тыңдай алады. Бүгінгі материалда музыка тыңдағанды ерекше жақсы көретін үш Алматы тұрғынының қысқа оқиғасын баяндаймыз. Олар — әртүрі салада істейтін түрлі жастағы мамандар. Бірақ бұл жандарды бірнәрсе біріктіреді: олар Яндекс Музыка арқылы ән тыңдағанды ұнатады. Алматылық меломандар өмірінде музыканың қаншалық маңызды екенін әрі Яндекс Музыканың «Менің толқыным» жүйесінен қандай сүйікті қазақша әндер тыңдай алғанын айтып берді.
Айшолпан Керім, 24 жаста:
«Спортқа арналған ырғақты қазақша әндерді тауып береді екен»
Копирайтермін. Күні бойы кеңседе, ноутбуктың алдында отырып шаршаймын. Сол себепті жұмыстан кейінгі уақытымды тиімді әрі пайдалы өткізуге, сүйікті ісіммен айналысуға, денсаулығыма көңіл бөлуге тырысамын. Хоббиім — жүгіру. Үш айдан бері жүгіріп жүрмін. Аптасына екі рет жаттықтырушымен, екі рет өз бетіммен жүгіремін. Алаңға барып, әуелі қыздырынып аламын, жаттығу жасаймын. Кейін 35-40 минуттай жүгіремін. Кейін тағы да қыздырынып, денемді созып аламын.
Жүгіргелі өмірімде оң өзгерістер болып жатқанын, күнімнің тәртібі пайда болғанын байқаймын. Жаттықтырушымен өтетін күндерімде салауатты өмір салтын ұстанатын басқа адамдармен әңгімелесіп жаттығу жасаймын, жүгіремін. Ал өз бетіммен жүгіргенде құлаққап тағып алып, музыка тыңдағанды ұнатамын. Әсіресе, сергітетін, тыныштық сыйлайтын әуендерді қосып қоямын. Кейде тек бір құлағыма құлаққапты тағып, жүгіргенде әр қадамыма, ырғағына сай келетін музыканы таңдаймын.
Яндекс Плюсті бұрыннан қолданамын. Жақында Яндекс Музыканың «Менің толқыным» жүйесіне қазақша жаңа әрі ескі әндер қосылғанын естігенде қуандым. Бұл жерден түрлі жанрдағы қазақ эстрадасының әнін табуға болады екен. «Жаттығуға арналған» деген категорияны белгілегенімде биті жылдам, ырғақты әндерді шығарып беруді сұрадым. Мәселен, Ирина Кайратовнаның әндерін ұсынды. Шынымен де, бұл әндер жаттығу жасап жатқандағы темпіме сай келді. Кейде өзіңнің плейлисіңді құрғанда, ән таңдауға біраз уақытың кетіп қалады ғой. Ал мұнда қай уақытқа, қандай көңіл-күйге, қай тілдегі әнді қалайтыныңды белгілесең, бірден тізімін шығарып береді екен. Бір сөзбен айтқанда, өміріңді жеңілдетеді әрі ерекше атмосфера сыйлайды.
Арнат Саматов, бариста, 19 жаста:
«Кофе мен музыка ерекше үйлеседі»
Алматы орталығында орналасқан кофехананың бірінде бариста болып істеймін. Күн сайын тік тұрып, қонақтарға кофе демдеп беремін. Кофем дәмді шығуы үшін менің де көңіл-күйім жақсы болуы керек. Сол себепті жұмыс кезінде өзіме ерекше вайб сыйлау үшін музыка тыңдағанды жаным сүйеді. Оның үстіне, кофе мен музыка ерекше үйлеседі. Бұған дейін көбіне Яндекс Музыкадан, ал қазақша әндерді басқа платформадан қосатынмын. Енді қазақша туындыларды да Яндекс Музыкадағы «Менің толқынымнан» тыңдай алатыныма қуанып жатырмын.
Қазақстан әншілерінің өзіне ғана тән ерекшелігі, дауыс ырғағы бар. Кейбір қазақ сөздері қандай әдемі десеңізші! Сондықтан кейде тек қазақша әуендер тыңдағың келеді. Осындай кезде Яндекс Музыканың «Менің толқыным» ақылды жүйесі ыңғайлы. «Қазақша» дегенді бассаң болғаны, трендтегі әсем музыкаларды шығарып береді.
«Менің толқынымнан» жұмыс кезінде тыңдауға болатын әндерді қосамын. Мәселен, бүгін таңертең ұйқымды ашайын деп, «Менің толқынымнан» қазақша әрі сергітетін ән сұрадым. Сөйтіп Ali-дің Tuimedaq әнін, Мархаба Сәбидің Dem alam әнін, Adam-ның Zhurek әнін тыңдап, кофемді демдедім. Кейін жайлы әрі жылы атмосфера сыйлайтын әндерді таңдадым. Jazzdauren-нің орындауындағы «Ақ көгершін» әні қосылып, әуенге елітіп кеттім. Кешке қарай, жұмыс күнім аяқталайын дегенде міндетті түрде Darkhan Juzz-дың Sheker әнін бір тыңдап алғанды ұнатамын, енді бұл әдетімді «Менің толқыным» арқылы жалғастыра аламын.
Кейде күнде бір әнді тыңдағаннан жалығып кетемін. Осындайда «Менің толқынымнан» «маған таныс емес әндер» деген санатты белгілеп, жаңа әншілермен және олардың өнерімен танысамын. Мәселен, Яндекс Музыка арқылы бірінші рет Adil деген әншінің «Гитарам» әнін, De Lacure-дың Dal solay әнін тыңдап көрдім. Бір сөзбен айтқанда, «Менің толқынымның» арқасында жұмыста қонақтармен бір толқындамын.
Карина Рахимова, маркетинг бөлімінің менеджері, 31 жаста:
«Интернет істемейтін алыс-алыс жолдарда Яндекс Музыка арқылы қазақша әндер тыңдай аламын»
Маркетинг бөлімінде менеджер болып істеймін. Кеңседегі күнделікті жұмысым қарбалас: бітпейтін қоңыраулар мен кездесулер, тапсырмалар және тағы басқа. Кейде осындай ығы-жығы жұмыстан мезі болатыным сонша, демалыста жалғыз өзім көлігіме мініп, Яндекс Музыкадағы «Менің толқынымнан» сүйікті әнімді қосып, сол сәтте қалап тұрған жеріме жол тартып кетемін. Себебі музыка мен жол жанымды тыныштандырады. Әдетте, Медеуге, Шымбұлаққа, Алмаарасанға барамын. Ол жаққа жеткенше «Менің толқынымнан» біраз ән тыңдап үлгеремін. Осы жолы барғанымда жүйеге жаңадан қосылған қазақша әндерді, мәселен Ирина Кайратованың «Кеттік, бәрін таста» әнін тыңдап бардым. Одан бөлек Меховая 8/1 тобының әуендерін әндетіп, діттеген жеріме жетіп алдым.
Тауда құллаққабымды тағып алып, серуендеп, таза ауа жұтып демалғаннан рахаттанамын. Ол жерде жүргенде «Менің толқынымнан» қазақша байсалды әндерді қосамын. Мәселен, бұл жолы демалысымдағы плейлисімде Baxa-ның Dosym, Ilhan-ның Vals, Ayt-тың «Киелі махаббат”», Арманның «Сені күнде көру» деген әні болды.
Жұмыстан үйге, үйден жұмысқа көлікпен барып-келем. Алматыда кептеліс болғандықтан, жолда ұзақ тұрамын. Бірақ уақытты бекер өткізбеймін. Бұл уақытта сүйікті қазақша әндерімді тыңдап, кейде қосылып айтып, күні бойы ішке жиналып қалған қуатымды сыртқа шығарамын.
Алыс-алыс жолдарға да, көлігіммен барғанды құп көремін. Алыс жолда да зерікпеймін, себебі Яндекс Музыка интернет істемейтін жерде де жанымда. Енді одан қазақша әндерді де тыңдай алатыным — екі есе бақыт.