Басты бетЖаңалықтарМинистрлік орташа...

Министрлік орташа зейнетақы мөлшері мен зейнеткерлер санын мәлімдеді

Биыл республикалық бюджеттен 3 триллион 118,2 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлап отыр.

Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 982,2 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 2 триллион 136 миллиард теңге қарастырылды.

2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 миллион 421 мың адам.

2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 131 730 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 122 теңге, базалық зейнетақы – 42 608 теңге.

Ведомство мәліметінше, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады. Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сонымен қатар міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.