Басты бетЖаңалықтарДоллар 491–496...

Доллар 491–496 теңге аралығында саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 491–496 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 14 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 492,17 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,00 теңге. Еуро — 522,39.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 494 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 495 теңге. Еуро 523—526,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 491 теңге, сатып алу құны — 496 теңге. Еуро 522 теңгеден сатылып, 528 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,97-5,07 аралығында саудаланып жатыр.