«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады.
Аптаның ортасында еліміздің батысында, содан кейін оңтүстігінде антициклонның әсерінен 15-16 қарашада оңтүстік-шығыста, 16 қарашада республиканың орталығында, шығысында және солтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Бірақ бұл ретте республиканың солтүстік жартысында және оңтүстік-шығысында қарлы ауа райы, солтүстігінде бұрқасын сақталады. 15-16 қарашада циклон жырасы біртіндеп батыс аймақтарға ауысады, одан жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде, сонымен қатар көктайғақ күтіледі. Еліміздің оңтүстік-шығысында 14 қарашада қар жауады деп болжанып жатыр. Республика бойынша тұман мен екпінді жел соғады, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар синоптиктер түнде ауа температурасының батыста 1-10 градусқа дейін жылынатынын, солтүстік-батыста және солтүстікте 2-11 градус суық болатынын болжады.
Одан бөлек орталықта 5-13 градус аязға дейін, шығыста 5-18 градус аязға дейін, оңтүстікте 2-10 градус аязға дейін жоғарылайды, еліміздің оңтүстік-шығысында түнде 2-13 аязға дейін төмендейді, — делінген хабарламада.