Доллар 494-499 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 494–499 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 13 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 494,95 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,05 теңге. Еуро — 525,49.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 496,10 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 498,10 теңге. Еуро 525,5—529,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 494 теңге, сатып алу құны — 499 теңге. Еуро 527 теңгеден сатылып, 533 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,99-5,12 аралығында саудаланып жатыр.