Астанада көлік қозғалысы шектеледі

Астана қаласының автомобиль жолдары басқармасы «Астана қаласының тұрғын алаптарындағы жолдар мен инженерлік желілерді салу, қайта жаңарту. Комсомольский тұрғын алабы, 2-кезек» атты жобасын іске асыру шеңберінде Қарашаш ана – Ақан сері көшелерінің қиылысында нөсерлі кәріз желісін салу жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр.

Осыған орай, 2017 жылдың сәуір айының 27-сінен 30-ына дейінгі аралықта аталған учаскеде көлік құралдарының қозғалысы шектеледі.

ДереккөзAstana.gov.kz