Басты бетPushҚФФ президенті...

ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов қызметінен кетті

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов қызметінен кетті. Бұл туралы Әділет Барменқұлов федерацияның кезектен тыс жиынында мәлімдеді.

Әділет Барменқұлов федерацияны 2022 жылғы ақпаннан бері басқарған. Бұл аралықта Қазақстан футбол құрамасы Ұлттар лигасының С дивизионындағы тобында жеңіске жетіп, В дивизонына көтерілген.