Димаш Құдайберген француз телеарнасынан шақырту алды

Продюсердің айтуынша, Димашты француз телеарнаның бірі концерттік бағдарламаға шақырған. Онда LP сияқты (Лаура Перголицци) танымал тұлғаларымен бірге өнер көрсетеді.

«Бағдарлама мамыр айында эфирден көрсетілуі тиіс, бүгінде түсірілім жұмыстары толық аяқталды. Шарт мерзімі аяқтала салысымен Димаш қазақстандық баспасөз құралдарына арнап мәслихат өткізеді,– деді продюссер.

ДереккөзEgemen.kz