Қатты жел салдарынан Астананың кейбір аудандары жарықсыз қалды. Бұл туралы «Астана-РЭК» АҚ баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Қазір төтенше жағдайлар қызметі Оңтүстік-Шығыс ықшамауданы, оң жағындағы 10 киловольттық әуе желілерінде, сонымен қатар Алматы және Сарыарқа аудандарындағы жеке тұрғын үйлерде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Қолайсыз ауа райының салдарын жедел жою үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды: 12 жедел және 12 жөндеу бригадасы жұмыс істеп жатыр, екі арнайы техника (АГП) және ДГҚ жұмылдырылды, — делінген хабарламада.