Басты бетЖаңалықтарАқтөбе облысында...

Ақтөбе облысында жолда қалған шетел азаматтары құтқарылды

Ақтөбе облысы «Самара-Шымкент» тасжолында Өзбекстан мен Тәжікстан Республикаларында тұратын 38 жолаушысы бар автобус сынып жолда қалды.

Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлап отыр.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында барлық жолаушылар Ырғыз ауылына аман-есен жеткізілді, оларға қажетті қолдау көрсетілді.

Оралда ТЖМ құтқарушылары пәтерде құлыпталып қалған балаға көмекке келді. Орал қаласы Орақбаев көшесі бойында екі жасар бала кездейсоқ пәтерде құлыпталып қалған, ал баланың ата-анасы алыс жерде болған. Құтқарушылар арнайы құралдарды пайдаланып есікті ашты.