Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Талғардағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты пікір айтты.
Талғардағы кісі өлімінің тергеуі үнемі бақылауда. Күдіктілер ұсталды, оларға бірқатар айып тағылып отыр. 15 қазанда ішікі істер министрінің бірінші орынбасарының төрағалығымен брифиң өтті. Тергеу бойынша жария етілетін мәлімет айтылды. Марқұмның әкесіне қатысты ешқандай қылмыстық іс жоқ. Үйді өртеу фактісі бойынша да іс қаралып жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Жұмыс жалғасып жатыр, — деді Ғалымжан Қойгелдиев.
Естеріңізге сала кетейік, елімізде 4 қазанға қараған түні 16 жастағы Шерзат Болатты бір топ адам әке-шешесінің көзінше пышақтап кеткен. Жасөспірім ауруханада көз жұмды.
Бұған дейін Шерзат Болаттың отбасы тұрған үйді белгісіз біреулер өртеп кеткенін жазған едік.
Психолог Гүлзат Қанат жасөспрімді ұрып өлтірген адамдардың паталогиялық агрессиясы бар екенін айтқан еді.