Іздеуде жүрген адамдарды ұстау бойынша жедел-профилактикалық іс-шара аясында екі күн ішінде 280 күдікті ұсталды.
Бұл туралы Polisia.kz хабарлап отыр.
Оның ішінде:
- кісі өлтіргені үшін – тоғыз;
- денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін – төрт;
- қарақшылық шабуыл үшін – бес;
- тонау үшін – жеті;
- есірткі қылмысы үшін – 19.
Республикадан тыс жерлерде 33 күдікті құрықталып, ал басқа мемлекеттердің сұрауымен 145 адам қамауға алынды.