Басты бетЖаңалықтарӘлемдік биржада...

Әлемдік биржада мұнай бағасы күрт төмендеді

Лондонның ICE (InterContinental Exchange Futures) биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы Астана уақытымен 08.20-де 4,43%-ке төмендеп 72,68 доллар болды.

Ал WTI маркалы мұнайының бағасы барреліне 4,54 долларға түсіп, 68,52 доллар болды.

Сарапшылар мұнай бағасынының бұлай өзгеруін Таяу Шығыстағы тұрақсыздықтармен байланыстырады. Бұл жағдайда Иранда мұнай өндіру тәулігіне 1 миллион баррельге азайып, ол ұзақ уақытқа жалғасуы мүмкін екенін айтып жатыр.

Еске салайық, өткен сенбі күні Израиль әскерилері Ирандағы әскери нысандарға әуеден соққы жасады. Израиль билігі әуе соқысы Ирандағы әскери нысандарға дәл тиіп жатқанын мәлімдеді. Израиль әскері Иранның маңызды деген қорғаныс өнеркәсібінің орталық әскери нысандарына, соның ішінде зымыран зауыттары, ұшқышсыз ұшақтарды әзірлеу және өндіру нысандары және баллистикалық зымырандарды ұшыру базаларына соққы берген.