Тұман, жел, жаңбыр: 23 қазанға арналған ауа райының болжамы

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 23 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республика бойынша жаңбыр, солтүстік облыстарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі.

Республика бойынша тұман, желдің күшеюі күтіледі. Республикамыздың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында – көктайғақ, солтүстікте – жаяу бұрқасын күтіледі.