Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда автомобиль...

Қазақстанда автомобиль өндірісі 13%-ке қысқарған

Елімізде автомобиль өндірісі 13%-ке қысқарған. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты.

Өңдеу өнеркәсібінде оң өсу қарқыны сақталып келеді. Өндіріс көлемі 4,8%-ке өсті. Өсу 14 өңірде тіркелді. Ең үлкен өсу қарқыны Қызылорда, Ұлытау, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе облыстарында байқалады. Өңдеу өнеркәсібіндегі өсу негізінен металлургия өндірісі 8,3%-ке және машина жасау – 4,2%-ке өсті. Бұл ретте автомобиль өндірісі 13,3%-ке қысқарды. Бұл жыл соңына дейін өндірісті ұлғайту үшін резервтердің бар екендігін көрсетеді, — деді министр.

Сонымен қатар электр жабдықтарын жасау 11,3%-ке, фармацевтикалық өнімдер 15%-ке, металл бұйымдары – 31,1%-ке және жиһаз өндірісі 17,9%-ке өскені айтылды.

Тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемі 1,2%-ке ұлғайды. Металл кендерін өндіру 7,7%-ке және табиғи газ өндіру 3,4%-ке ұлғайды. Бұл ретте мұнай өндіру 0,3%-ке, көмір өндіру 0,5%-ке қысқарды, — деді министр.

Мұнай өндіруді есепке алмағандағы экономиканың өткен жылдың тиісті базасына қатысты өсуі 4,5% деңгейінде бағаланып отырғанын атап өткім келеді.