Басты бетЖаңалықтарСемейде өртеніп...

Семейде өртеніп жатқан қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылды

Семейде жаңа туған шақалақты қоқысқа тастап, өртеп жіберген. Денесінің 80%-і жанып кеткен шақалақ ауруханада қаза болды.

Бұл туралы Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта тәртіп сақшылары күдіктіні іздестіріп жатыр.

Істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған. Жаңа туған нәрестенің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, — делінген ақпаратта.

Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева шақалақтың сағат 19.40-та қаза болғанын мәлімдеді.

Оның денесінің 80%-і күйік шалған. Абай облысындағы бала құқықтары жөніндегі уәкілмен байланыста болып отырмын, — деп жазды ол өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында.