Алматы облысындағы Талғар қаласында 12 қазанға қараған түні өткен аптада қатыгездікпен өлтірілген Шерзат Болаттың ата-анасының үйі өртенді. Бұл туралы құқық қорғаушы Саида Таукелова Instagram-парақшасына жазып отыр.
Саида Таукелова үй толық жанып кеткенін айтып отыр. Видеода үйдің қаңқасы ғана қалғаны көрінеді. Үй өртеніп жатқанда үйше ешкім болмаған, ешкім зардап шеккен жоқ.
Қазір өртенген үй қоршауға алынған. Алматы облысының полиция департаменті істі ҚК-тің «бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» деген 202-бап бойынша тергейді.
Шерзат Болаттың отбасын күзетуге полиция қызметкерлері бөлінетін болды. Оның отбасы тұрып жатқан аумақта полиция қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік етеді.
Бас прокуратура Талғарда жасөспірімді өлтіру ісі бойынша жәбірленушілердің үйін өртеу фактісіне қатысты 2024 жылғы 12 қазанда қылмысты ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылғанын жазған.
Кінәлілерді әшкерелеу үшін барлық шара қабылданады. Қылмыстық iс Қазақстан Республикасы бас прокурорының бақылауына алынды, — делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, елімізде 4 қазанға қараған түні 16 жастағы Шерзат Болатты бір топ адам әке-шешесінің көзінше пышақтап кеткен. Жасөспірім ауруханада көз жұмды.
Психолог Гүлзат Қанат жасөспрімді ұрып өлтірген адамдардың паталогиялық агрессиясы бар екенін айтты.