Енді Қазақстан азаматтары eGov Mobile-дан жеке куәліктің цифрлық нұсқасын Samsung Wallet электрон әмиянына қоса алады. Жобаны цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы Samsung Electronics Central Eurasia компаниясымен бірлесіп пилот режимінде іске қосты.
Samsung Wallet-тегі цифрлық жеке куәлік – жеке деректерді сақтаудың ыңғайлы және қауіпсіз әдісі. Азаматтар жеке куәлігін жоғалтып алудан немесе ұрлатып алудан қорықпай, бірден құжатының цифрлық нұсқасын ұсына алады. Samsung Wallet-тегі барлық дерек жеке ақпаратты сенімді қорғауды қамтамасыз ететін көпдеңгейлі қауіпсіздік жүйесі арқылы қорғалған.
Бұл функцияны телефонында еgov Mobile қолданбасы бар Samsung смартфонын қолданатындар пайдалана алады.
Құжаттарды қосу үшін қолданушы:
- еgov Mobile қолданбасына тіркеліп, «Цифрлық құжаттар» сервисін басуы керек,
- «Жеке куәлік» цифрлық құжатын ашуы және «Samsung Wallet әмиянына қосу» батырмасын басуы керек,
- дербес деректерді өңдеу туралы келісіммен танысып, оларды өңдеуге келісім беріп, ЭЦҚ арқылы «Қол қоюы» қажет.
Цифрлық куәліктің ақпараттар бөлімінде көрсетілген жарамдылық мерзімі азаматтың жеке куәлігінде көрсетілген мерзімге сай келеді. Уақыт өте келе куәліктегі ақпарат өзгерсе, онда қолданушы қазіргі цифрлық куәлікті өшіріп тастап, куәлігін қайта шығарғанда оның цифрлық нұсқасын жаңарту үшін қайта қоса алады.
Samsung Electronics компаниясы туралы
Samsung бүкіл әлемдегі адамдарды шабыттандырады және озық идеялар мен технологиялар арқылы болашақты қалыптастырады. Компания SmartThings экожүйесі және серіктестермен ашық ынтымақтастық арқасында, теледидар, смартфон, тағылатын құрылғылар, планшет, үй техникалары, желілік жабдықтар, жад, LSI жүйелері, құйма өндірісі және LED -шешімдері туралы үйреншікті түсініктерді өзгертеді және құрылғылардың біртұтас өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді. Компанияның кейінгі жаңалықтарын News.samsung.com/kz_kz Samsung Newsroom сайтынан оқуға болады.