Қарағанды облысының аумағындағы өрт сөндірілді. Өрттің аумағы анықталып жатыр. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Министрліктің мәліметінше, қатты екпінді жел, таулы жерлер және өрт ошақтарына кірме жолдардың болмауы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатқан.
Өртті сөндіру жұмыстары жерүсті және әуе көлігімен жүргізілді. Бүгін аэровизуалды барлау жүргізілді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, жаңа өрт ошақтары байқалмайды, — делінген хабарламада.
Табиғи өрттің ауқымдылығына байланысты ТЖМ тапсырмасына сәйкес елді мекендер мен орманшылықтарды қорғау, өртті жою бойынша жедел шаралар қабылдау үшін ҚР ІІМ ТЖМ, ЖАО, қорғаныс министрлігі, ҰҰ қосымша күштері жіберілді.
Өртті сөндіру кезіндегі іс-қимылдарды үйлестірудің арқасында ауа райының қолайсыздығына, өрттің үлкен алаңына, өрт сөндіру бөлімшелерінің орналасқан жерінен арақашықтығына қарамастан жеті елді мекенді (Қоянды ауылы, Теректі ауылы, Айыр, Қызылшілік, Шөптікөл, Атантай, Қолбасы бөлімшелері) және 11 шаруа қожалығын қорғауға мүмкіндік туды, онда 1,5 мыңға жуық адам тұрады және 33 мыңнан астам мал басы бар.
Сонымен қатар Егіндібұлақ ауылы ауданындағы Кувский шаруашылығының орман қоры аумағын оттың таралуынан қорғады.
Өртті жоюға ТЖД, ПД, ТЖМ әскери бөлімдерінің, Орман және жануарлар дүниесін қорғау бойынша Кувский шаруашылығының, «Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылық» КММ, Қарағанды мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің күштері мен құралдарынан жалпы саны 609 адам және 93 бірлік техника, үш ҰҰА, ҚР ТЖМ, ІІМ ҰҰ, қорғаныс министрлігінің бес әуе кемесі жұмылдырылды.
Өртті сөндіру барысында әуе кемелері өрт ошақтарына 62 рет жалпы көлемі 112 тонна су төкті.