Мемлекет басшысының жарлығымен Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.
Тиісті жарлыққа президент қол қойды.
Айта кетейік, Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі қызметіне 2022 жылғы 11 шілдеде келді. Ал 2022 жылғы желтоқсанда осы лауазымға қайта тағайындалды.
Ұлытау облысына әкім болып барғанға дейін ол бір жарым жылдай мәжіліс депутаты болған.