«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстанның 13 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
Кәсіпорынның болжамына қарағанда, Астанада 9 қазан күні жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысының солтүстігінде, батысында және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында желдің күші 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және облыс орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында және оңтүстік-шығысында, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында күндіз нөсер жауын жауады. Оңтүстіктен соққан жел күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының басым бөлігінде, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының басым бөлігінде, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан соққан желдің күші түнде батыстан 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с жетеді. 9 қазанда облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел, күндіз солтүстікте оңтүстік-батысқа ауысады, облыс орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігі мен солтүстік-шығысында, облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар, Ақмола облыстарының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың басым бөлігінде аса жоғары өрт қаупі сақталады.