Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 482-486 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 8 қазанға арналған ресми бағамы – 1 долларға 484,37 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,05 теңге. Еуро – 531,06.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 484,46 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 486,23 теңге. Еуро 531,39–535,15 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 482 теңге, сатып алу құны – 486 теңге. Еуро 529 теңгеден сатылып, 535 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,98–5,08 аралығында саудаланып жатыр.