Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда 8-10...

Қазақстанда 8-10 қазанда ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстанда 8, 9 және 10 қазанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.

Синоптиктердің мәліметінше, апта басында антициклон Қазақстанның басым бөлігіне бұрынғысынша әсер етеді және ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.

Содан кейін елдің батыс және солтүстік-батыс аймақтарына Мәскеу аудандарынан келетін циклон әсер етеді. 9-10 қазанда батыста қатты жаңбыр жауады деп болжанған. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, солтүстік өңірлерде түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі, — делінген хабарламада.

Республиканың батысында күндіз ауа температурасы 12-18 градусқа дейін төмендейді, солтүстік-батыста және солтүстікте 7-17 градусқа дейін төмендейді, қалған аумақта күрт өзгерістер күтілмейді.