Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қазгидромет: Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады.

Cиноптиктердің мәліметінше, 7 қазанда Ақтөбе қаласында, түнде Қостанай, Атырау қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары болуы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Мақалаға реакция