Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Федералдық президенті Франк-Вальтер Штайнмайер мен барша Германия халқын Бірлік күнімен құттықтады.
Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.
Президент Германия Федеративтік Республикасының өркендей беруіне тілектестік білдірді. Сонымен қатар Қазақстан мен Германияның дәстүрлі достық пен өзара тиімді серіктестік рухындағы ынтымақтастығы одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайердің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Германия халқына бақ-береке тіледі.