Басты бетЖаңалықтарАлматыда әлеуметтік...

Алматыда әлеуметтік нысандар жылуға 7 қазаннан бастап қосылады

Алматыда 7-11 қазан аралығында нысандарды орталық жылу жүйесіне қосу жоспарланып жатыр.

Бірінші кезекте, жылу әлеуметтік мекемелерлерге, оның ішінде балабақшаларға, мектептерге және медициналық-әлеуметтік нысандарға берілетін болады. Қазіргі кезде жылыту маусымына дайындық 99%-ды құрайды.

«АлТС» ЖШС қазірдің өзінде айналым режимін іске қосуға дайын, бұл қажет болған жағдайда жылу беруді жедел бастауға мүмкіндік береді.

Коммуналдық кәсіпорын материалдық – техникалық базадан бастап бригадаларға арналған арнайы техника мен киімге дейін барлық қажетті заттармен толық жабдықталған, олар ықтимал авариялар мен технологиялық іркілістерді жоюмен айналысатын болады.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша биыл жылыту маусымына дайындық аясында қаланың алты ауданында 20 км жылу желілері қайта жаңартылды.

Мамандар желілерді сынау мен жөндеуді сәтті аяқтап, сорғы жабдықтарын жаңартты. Барлығы 69 сорғы станциясы және 24 резервуар-аккумулятор дайындалды, бұл ыстық су желісіндегі ең жоғары жүктемелерді теңестіруге мүмкіндік береді.

Ақауларды жедел жою үшін 2024-2025 жылдарғы жылыту маусымында қажет апатты материалдар мен жабдықтар қоры жасалған.

Апатты жағдайлар кенеттен болған кезде оларды жоюмен 16 апатты және жөндеу бригадалары жұмыс жасайды , олардың құрамында 220 адам мен 56 техника бар. Сонымен қатар 33 учаскенің пайдаланылатын жеті ауданындағы 714 адам жұмыс істеуге дайын.