Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 480-485 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 3 қазанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 483,23 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,12 теңге. Еуро — 534,74.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 482,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 484,5 теңге. Еуро 533,5—537,3 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 480 теңге, сатып алу құны — 485 теңге. Еуро 531 теңгеден сатылып, 537 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,05 — 5,18 аралығында саудаланып жатыр.