«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстан аймақтарында 3 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
ҚР басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жаңбыр күтіледі, республиканың оңтүстік-батысында қатты жаңбыр болады деп болжанады.
Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
Елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі.
Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында ғана жоғары қысымды өрістің әсерінен құрғақ және жылы ауа райы күтіледі.
ҚР бойынша желдің күшеюі күтіледі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстікте, солтүстік-батыста, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда тұман болады.
Қарағанды, Абай облыстарында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Ұлытау облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының шығысында, батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Ұлытау облысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.