Алматы метросындағы бомба жайлы жалған ақпарат таратушы ұсталды

«Ішкі істер органдары және Алматы мен Алматы облысы арнайы қызмет мамандарының біріге күш салуымен жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабар берген Сарқанд қаласының тұрғыны анықталды. Оның бұл заңға қайшы әрекеті бұзақылықтан туындаған», — деді ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Енді сотқа дейінгі тергеу амалдарында жалған террорлық акті туралы (ҚР ҚК 273-бабы) хабар берген адамның әрекеті қаншалықты заңға қайшы екендігі анықталмақ.

Еске салайық, кеше, 24 сәуір күні кешкі сағат 19 шамасында полицияға анонимді телефон хабары түсті. Ақпарат беруші Алматы меросына бомба қойылғаны туралы хабарлаған. Полиция және ТЖД мамандары Алматы метрополитеніндегі барлық жолаушыларды эвакуациялады.

ДереккөзInform.kz