Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық филармониясында Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының 89-шы маусымашар концерті өтті.
Бұл туралы филармонияның баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы — 1935 жылы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы қабырғасында шағын хор болып құрылды. 1939 жылы Қазақ КСР үкіметінің қаулысымен Мемлекеттік хор капелласы дәрежесі берілді. Сондықтан, хор капелласының Мемлекеттік дәрежені алғанына биыл 85 жыл толып отыр. Ал 1935 жылдан бастау алған ұжым бүгін 89-шы концерттік маусымын ашты.
Кеш шымылдығы ұжымның тарихына шолумен бастау алып, әр жылдарда ұжымда қызмет еткен ардагерлер мен Б.Байқадамовтың қыздары Балдырған, Алуа, Айгүл Бақытжанқыздарына гүл шоқтары ұсынылып, құрмет-қошемет көрсетумен түрілді.
Кеш барысында ұжымның айтулы күнімен құттықтап келген, Қазақстанның халық артисі — Роза Рымбаева, Рамазан Стамғазиев, Айгүл Үлкенбаева өнер көрсетті.
Бағдарламада хор капелласының репертуарындағы танымал шығармалар орындалды.
Кешке келген көпшілік қазақ хор өнерінің бай екеніне тағы да бір куә болды. Концерт тыңдармандардың ыстық ықыласы мен авациясына толы аяқталды.