Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Астана қаласында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегерлері, олардың жаттықтырушылары, сонымен қатар халықаралық спорт шарасын ұйымдастыруға және өткізуге ерекше үлес қосқан азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Атап айтқанда, 1 адам «Парасат» орденінің және жеті азамат «Құрмет» орденінің кавалері атанды. «Ерен еңбегі үшін» медалі 85, ал «Шапағат» медалі бес адамға берілді.