Алматы облысының киберполицейлері 170-тен астам интернет-сайтты бұғаттады. Бұл туралы ІІМ хабарлап отыр.
Министрліктің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында түрлі сипаттағы 46 қылмыстық іске қатысы бар 74 күдікті анықталған.
Операция барысында ақша қаражатының заңсыз айналымымен айналысқан 62 тұлға ұсталды. Киберкеңістіктің тұрақты мониторингі нәтижесінде алаяқтық әрекетті жүзеге асырған 177 жалған интернет-сайтты бұғаттауға мүмкіндік туды. Сонымен қатар киберқылмысқа күдікті 56 адамның шоттары жабылып, зардап шеккендерге 36 миллион 462 мың теңге сомадағы ақшалай қаражат қайтарылды, — деді Алматы облысы ПД КПБ бастығының орынбасары Нұржан Кеңесханұлы.