Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 478-482 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 1 қазанға арналған ресми бағамы – 1 долларға 481,19 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,18 теңге. Еуро – 538,45.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 479,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 480,9 теңге. Еуро 534,5–538,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 478 теңге, сатып алу құны – 482 теңге. Еуро 532 теңгеден сатылып, 538 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,12-5,22 аралығында саудаланып жатыр.