Қазір адамдар талғампаз, сол себепті күнделікті өмірде, жұмыста қолданатын ноутбуктың қуатты ғана емес, дизайнының ерекше болғанын да қалайды. Дәл осы тұста жеңіл, сәнді әрі «минимализм» стилінде жасалған ASUS Zenbook S 14 ноутбугы көптің көңілінен шығады. HR маманы әрі кітап жазып, өзінің шығармашылығын дамытып жүрген Латина Сатарова ASUS-тың жаңа өнімін қолданып көріп, тәжірибесін айтып берді.
«HR маманымын, кітап жазамын әрі 2 баланың анасымын»
34 жастамын. Пиар саласында бірнеше жыл қызмет еттім. Chocofamily, Olx сияқты Қазақстандағы танымал компаниялардың пиар маманы болып істедім. Қазір Beeline компанияFсының корпоративті мәдениетін дамытумен айналысатын аға менеджерімін. Менің міндетім – компаниядағы мәдени саясатты құру, қызметкерлердің бірін-бірі ұлтына, жасына, жынысына және тағы басқа ерекшелігіне қарай алаламай жұмыс істегенін қадағалау, сондай орта құру. Компания өнімдерінің әлеуметтік желідегі контенттерін жасауға да көмектесемін. Сонымен қатар кітап жазамын. «Со всеми все окей. Ненасильтвенное общение: учимся общаться экологично и эффективно» деген авторлық кітабым бар. Оған қоса екі баланың анасымын.
Жұмыста, шығармашылығым бойынша және күнделікті өмірде ноутбукты жиі қолданамын. Меніңше, қазір ноутбук бәріміздің өміріміздің ажырмас бөлігіне айналып кеткен. Ол смартфон сияқты қажет. Сондықтан кез келген адам өзіне жақсы ноутбук алғысы келеді, ал бұл ноутбук шығаратын компаниялардың арасында бәсеке де көп деген сөз.
«ASUS Zenbook S 14 – кітап сияқты кіп-кішкентай ноутбук»
Әуелі маған ноутбуктың жеңіл әрі шағын болғаны ұнады. Негізі көлігім бар, дегенмен қазір Алматыда кептеліс көп болғандықтан, кейде автобус немесе метро арқылы жұмысқа барамын. Ал онда үнемі орын бола бермейді. 30-40 минут қоғамдық көлікте тік тұрғанда ноутбугың ауыр болса, қиын. Арқаң, иығың ауырып кетеді. Әсіресе, менің жасымдағыларға құрылғының салмағы кәдімгідей білінеді. ASUS Zenbook S 14-ті көргенде, бірден оны осындай жағдайда көтеріп жүруге өте ыңғайлы екенін түсіндім.
Ноутбуктың көлемі кітап сияқты. Ал маған кітап оқыған ұнайды. Дәл осы ноутбукты және кітапты қолыңа ұстасаң, бірнеше кітапты қатар ұстап алған сияқты боласың. Соншалық шағын, жеңіл әрі корпусындағы өрнектері әдемі көрінеді.
Оған қоса іс-сапар шығып, басқа қалаларға жиі барамын. Астанада трениңдер өткіземін. Кейде ноутбугым ауыр болғандықтан, ұйымдастырушыларға презентациямды пошта арқылы жіберіп, солардың ноутбугы арқылы қосатынымды айтамын. Ал ASUS Zenbook S 14 ноутбугын алсам, бұл мәселем шешілетін сияқты.
ASUS Zenbook S 14 ноутбугының салмағы – небәрі 1,20 келі, қалыңдығы – 11,9 миллиметр. Оператив жады – 32 Гб. Нейропроцессоры – Intel Core Ultra 7 (Series 2).
«ASUS Zenbook S 14 кітапты оңай жазуға мүмкіндік береді»
Мен бұл әлемде адамдардың бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас құрғанын, бірін-бірі бөлмей, бейбіт өмір сүргенін қалаймын. Сондықтан зорлық-зомбылықсыз коммуникация құру жөнінде кітап жаздым. Осы тақырыпта трениңдер, курстар өтемін. Ал кітап жазғанда ноутбук пернетақтасындағы пернелердің үлкен болғаны маңызды. Себебі ол ойыңдағыны ноутбук экранындағы параққа тез-тез түсіріп жатқанда басқа пернелерді басып кетіп, қате жіберуге мүмкіндік бермейді.
Бұл негізгі жұмысымда да тиімді. Жұмыста Google Doc-ты, Excel-ді қолданамын. Әр ісімді тиянақты істеу үшін әр қадамымды, жоспарымды жазамын. Оған қоса құжат толтырамын. Түрлі ресми құжат толтырғанда да, олардың да қатесіз, таза болғаны жөн. Ноутбук пернетақтасы жанып тұрады. Бұл жарық аз жерде де, қараңғыда да мәтін теруге мүмкіндік береді. Жалпы пернетақтасына қарап, мәтін көп жазатын адамдарға ыңғайлы ноутбук дер едім.
Ал тачпады өте сезімтал екен. Тачпады арқылы дыбысын, экранның жарығын, видеоның жылдамдығын реттеуге болатыны ұнады.
«Экраны қанық, дыбысы қатты екен»
Қазір ағылшын және қазақ тілін үйреніп жүрмін. Youtube-тан түрлі ағылшынша подкастар, сабақтар көремін. Кейде тілді тезірек меңгеру үшін ноутбук арқылы фильмдерді ағылшын тілінде көремін. ASUS Zenbook S 14 ноутбугын сынап көру үшін сол ағылшын тілін үйрететін роликті қостым. Ноутбуктың экранынан бейне бұрынғы құрылғыма қарағанда қанығырақ болды. Төрт динамигінің арқасында дыбысы да қатты шықты. Мәселен, мен кейде тамақ әзірлеп немесе ыдыс жуып жатып подкаст тыңдаймын. Мұндай кезде сәл алыста тұрған ноутбуктан дыбысының қатты шыққаны жақсы.
ASUS Zenbook S 14 ноутбугының жиілігі – 120Гц, жарығы – 400 кд/м2, шекті жарығы – 500 кд/м2. Экраннан көк зиян түс 70%-ке аз шығады. Түс гаммасы – DCI-P3 100%. Дисплейі OLED технологиясы бойынша жасалған. Осы сипатаммаларының арқасында экрандағы бейнелер, суреттер, жазулар, түстер 3К cапада анық, қанық көрінеді.
«Камерасы сапалы екен»
Кейде офисте, кейде үйден онлайн жұмыс істеймін. Үйден істегенде жиналыстарға, маңызды талқылауларға онлайн қосыламын. Оған қоса ағылшын тілі курсына Zoom және Microsoft Teams арқылы қатысамын. Сол себепті ноутбугымның камерасы сапалы болуы керек. ASUS Zenbook S 14-тің камерасы бейнені тұп-тұнық көрсетеді екен. Онлайн байланыста да дыбысы еш кедергісіз жақсы шығады.
Айтпақшы, камерасын жауып тұратын жапқышы бар. Бұл қауіпсіздігі үшін алаңдайтын адамдарға ұнайды деп ойлаймын.
«Ноутбуктағы жасанды интеллект мүмкіндіктерінің арқасында жұмыс жеңілдейді»
ASUS Zenbook S 14 ноутбугына жасанды интеллект элементтері қосылғандықтан, ол арқылы істейтін жұмысың бұрынғыға қарағанда жеңілдейді екен. Мәселен, Copilot батырмасы арқылы құжаттарымды тез тауып алдым. ASUS AI Noise Cancelation және Windows Studio Effects арқасында онлайн сабақтарым, кездесулерім артық шу дыбыссыз, өте жақсы сапада өтті. Aғылшын және қазақ тілін үйреніп жүргенімде Live Captions мүмкіндігі көмектесті. Ол арқылы видеодағы түсінбеген жерлерімді автомат түрде өзіме керек тілге аударып алдым. Бұдан басқа тағы да көптеген мүмкіндігі бар екен.
«Қуаты бір тәуліктен астам уақытқа жетеді»
Әдетте ноутбуктардың қуаттағышының өзі әжептәуір ауыр келеді. ASUS Zenbook S 14 ноутбугының қуаттағышының жеңіл екені ұнады. Яғни оны да сөмкеңе салып алып, көтеріп жүрген ыңғайлы. Оның үстіне, Type-C екен. Оған қоса ноутбукты бір қуаттасаң, қуаты 27 сағатқа, яғни бір тәуліктен астам уақытқа жетеді. Бұл құрылғының ұтымды тұсы дер едім. Қуаты бітіп қалса, қуаттағышы 49 минутта 60%-ке дейін толтырып береді. Бір сөзбен айтқанда, қуаты тез толады әрі ұзаққа жетеді.
«Маңызды презентацияда жалғағыштардың маңызын түсінесің»
Бағана айтқанымдай, мен көп трениң өткіземін, презентацияларымды көрсетемін. Өзімнің ноутбугымды көтеріп барсам, оны үлкен экранға жалғап, презентацияымды көрсете алуым керек. Осындай кезде ноутбуктың жалғағыштары маңызды. Ноутбугыңның жалғағышы сай келмесе, басқа құрылғы іздеп, презентацияңды соған жіберіп, әуре боласың. ASUS Zenbook S 14 ноутбугының бірнеше жалғағышы бар екен: USB-A, HDMI, 2 Thunderbolt, Type-C.
ASUS Zenbook S 14 ноутбугын диссертация жазатын студенттерге де, мәтін көп жазатын шығармашыл мамандарға да, презентация қорғап, онлайн жиындарға қатысатын мамандарға да, үнемі іс-сапарға кетіп, құжаттарды тексеріп жүретін кәсіпкерлерге де, әдемі киініп алып, құрылғысының ерекше стилінің бір бөлігі болғанын қалайтындарға да сатып алуға ұсынар едім.
Қорытындылай келе, ASUS Zenbook S 14 ноутбугының мынадай артықшылшығын атауға болады:
- жеңіл әрі шағын;
- дизайны ерекше;
- процессорына жасанды интеллект элементтері қосылған;
- қуаты ұзаққа жетеді;
- экраны сапалы;
- дыбысы қатты шығады;
- камерасы сапалы.