Басты бетЖаңалықтарҚазақстан азаматтары...

Қазақстан азаматтары тағы бір елге визасыз бара алады

Қазақстан тағы бір африкалық елмен визасыз режимге қол жеткізді. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі хабарлап отыр.

Қазақстан Сьерра-Леоне деп аталатын Африка мемлекетімен дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды.

Еліміздің сыртқы істер министрлігі БҰҰ Бас Ассамблеясы 79-сессиясының шеңберінде өткен кездесулер барысында құжаттарға қол қойған.

Қазақстан мен Сьерра-Леоне дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Сьерра-Леоне – батыс Африканың Атлант мұхиты жағалауында орналасқан мемлекет. Сьерра-Леоненің астанасы – Фритаун қаласы, ал ресми тілі – ағылшын.