Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовті Түрікменстанның тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Президент құттықтау жеделхатында Ашхабадтың мемлекеттілікті нығайтудағы жарқын жетістіктеріне тоқталып, шетелдік серіктестермен қарым-қатынаста сындарлы ұстанымға жүгінетін бейтарап Түрікменстанның халықаралық аренада зор беделге ие екенін атап өтті, – делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовтің мемлекеттік қызметіне табыс, түрікмен халқына бақ-береке тілеген.