Қазақстан бокс федерациясы World Boxing ұйымының қатарына қосылу үшін ресми өтініш берді. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады.
Қазір бокстың Олимпиада бағдарламасында қалу мәселесі ХОК деңгейінде талқыланып жатыр. Боксты Олимпиада ойындарының бағдарламасында сақтап қалу мақсатында барлық елдермен ортақ жұмыс жасауға дайынбыз. Бұл шешім боксты одан әрі дамытуға мүмкіндік береді деп санаймыз, – деді Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп.
Бұл шешім ҚБФ президенті Шахмұрат Мүтәліп пен World Boxing олимпиада комиссиясының төрағасы, Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин кездесуінен кейін қабылданған.