Астана әуежайындағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.
2024 жылғы 1 мамырдан бастап 24 желтоқсанға дейін жоспарланған жұмыстар аяқталды және әуежай 2024 жылғы 5 қазаннан бастап UTC 01:00-де ұшу–қону жолағындағы операцияларды штаттық режимде жалғастырады, — делінген хабарламада.
Астана әуежайы тәулік бойы жұмысын қайта жалғастырады.