Желіде «Жоғарғы сот мектепте орамал тағуды заңды деп тапты» деген ақпарат тарады. Жоғарғы сот бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Кассациялық сатыда білім беру мекемесінде орамал тағудың заңдылығы мәселесі емес, бір оқушының сабаққа қатысу мәселесі қаралған.
Сот алқасы мектеп оқушыны сабаққа қатыстырмағанын заңсыз деп таныды, өйткені білім алу құқығы — азаматтардың негізгі конституциялық құқықтарының бірі, – делінген Жоғарғы сот хабарламасында.
Мектеп формасына қойылатын талапты оқу-ағарту министрлігі бекітеді. Қолданыстағы бұйрық заңсыз деп танылмаған және күші жойылмаған.
Естеріңізге сала кетейік, балалары орамал таққаны үшін сабақтан шеттетілген бірнеше ата-ана сотқа жүгінген еді. Жоғарғы сот балалардың сабаққа қатыстырмаған әрекетке ғана қатысты шешім қабылдаған.