Almaty Management University студентінің мәйіті табылды

Almaty Management University студентінің мәйіті табылды. Бұл ақпаратты университет растады.

Almaty Management University университетімізде студенттің қазаға ұшырағанын қайғырып хабарлайды. Қайғылы оқиғаның себебі мен мән-жайын қазір құқық қорғау органдары анықтап жатыр, – делінген хабарламада.

Оқу орны таратқан хабарламада оқиға қай күні болғаны айтылмаған. Университет ақпарат құралдарынан тексерілмеген ақпарат таратпауды өтінген.