Қазақстан аумағында 14 346 шетел азаматы еңбек етеді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 4 905 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 870 адам, әкімшілік және көмекші қызметтер – 1 503 адам, тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 361 адам, өңдеу өнеркәсібі – 1 337 адам.
Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер:
- Қытай – 3 267 адам;
- Өзбекстан – 2 080 адам;
- Түркия – 946 адам;
- Үндістан – 885 адам.